Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы алтынымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биатлоншы Ербол Хамитовты Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында жеңімпаз атануымен құттықтады. Президент спортшының жетістігі табанды еңбек пен мықты ерік-жігердің нәтижесі екенін атап өтті.
Құттықтауында Мемлекет басшысы Ербол Хамитовтың қиын жолды еңсеріп, жоғары нәтижеге қол жеткізгенін айтып, бұл жеңіс шынайы құрметке лайық екенін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай табыс ел спортының дамуына және жас спортшыларға үлгі болары сөзсіз.
Мемлекет басшысы құттықтауында спортшыға алдағы уақытта да жаңа жетістіктер тіледі. Сонымен қатар оған мықты денсаулық, қажымас қайрат және жарқын жеңістер тілеп, ел мерейін үстем ете беруіне тілектестік білдірді.
Айта кетейік бұған дейін Қазақстандық спортшы Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Паралимпиада ойындарында отырып жарысатын биатлонның 4,5 км спринт-пасьют жарысында алтын медаль жеңіп алғанын жазған едік.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы болған Ербол Хамитов бұған дейін де қысқы Паралимпиада ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен. Ол шаңғы жарысынан қола жүлдегер атанып, ұлттық құраманың қоржынына медаль салған болатын.