Жаңалықтар

Жастар Түркістаннан көшіп жатыр

Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Түркістан облысының тұрғындары жақсы өмір іздеп, ірі қалаларға жаппай қоныс аударып жатыр. Еліміздегі ішкі көші-қон деректері халықтың негізінен мемлекеттік көмекке тәуелді, экономикасы әлсіз өңірлерден мүмкіндігі мол мегаполистерге ағылып жатқанын көрсетеді.

Бүгінде халық ең көп кететін аймақтардың көш басында Түркістан облысы тұр: мұнда теріс миграция көрсеткіші 42 649 адамды құрайды.

Сонымен қатар Жамбыл облысы (21 179), Жетісудан ( 13 018) және Қызылорда облысынан (11 913) халықтың айтарлықтай бөлігі қоныс аударған.

Керісінше, адамдар жаңа мүмкіндіктер мен жұмыс орындары бар ірі орталықтарға ұмтылуда. Статистика бойынша:

  • Астана қаласына 87 459 адам;
  • Алматыға 33 126 адам;
  • Шымкентке 15 130 адам;
  • Алматы облысына 12 110 адам қосылған.

Бұл үрдістің басты себебі экономикалық жағдайға тікелей байланысты. Халық ең көп кететін аймақтар – республикалық бюджеттен ең қомақты субвенция (қаржылай көмек) алатын дотациялық өңірлер.

Осылайша, өңірдің экономикалық дербестігінің төмендігі мен дотацияға тәуелділігі халықтың тұрмыс сапасы жоғары қалаларға қоныс аударуына негізгі түрткі болып отыр.

Қазақстанға Германиядан көшіп келіп жатқан азаматтар саны көбейген.