Жаңалықтар

Сахара шөлінде қар жауды

Фото: Daily Mail

Алжирдің Айн-Сефра қаласында, Сахара шөлі аумағында ауа температурасы күрт төмендеп, артынша қар жауды. Бұл туралы The Sun басылымы хабарлады.

Фото: Bav Media

Елдегі ауа температурасы нөлден төмен түскен соң, қызғылт-сары түсті құмды жоталарды ақ ұлпа қар басты. Ерекше көрініс туристер мен жергілікті тұрғындардың назарын аударды.

Алайда шөл даланы басқан аппақ қар ұзақ сақталған жоқ, бірнеше уақыт ішінде еріп кетті.

Фото: Bav Media

Соңғы 40 жыл ішінде шөл даланың бұл бөлігінде қар жетінші рет жауып отыр. Ал Айн-Сефра қаласында мұндай қар 1979 жылдан кейін тек 2016 жылы ғана тіркелген.

Айн-Сефра қаласы Сахара шөлінің солтүстік шетінде, Атлас тауларының бөктеріне жақын жерде орналасқан.