
15 наурыз күні өтетін республикалық референдумге байланысты елордадағы автобустармен қатар, қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктерде де жол жүру тегін болады. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.
«Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікпен ақысыз қатынай алады. Бұл шара азаматтардың қатынауын жеңілдету және дауыс беру учаскелеріне жетуді оңайлату үшін қабылданды», – делінген хабарламда.
Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес штаттық режимде – сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қызмет көрсетеді.
Еске салайық, 15 наурызда Алматы мен Астанада да қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады. Сондай-ақ, Ақтау және Атырауда қоғамдық көліктер тегін қатынайды.