Lifestyle

Әйгілі канадалық цирк Қазақстанға келеді. Билеттерді қайдан алуға болады

Фото: Freedom Ticketon

Әйгілі канадалық цирк Cirque du Soleil Қазақстанға келеді. Freedom Ticketon билет сервисі OVO шоуының билеттері 14 наурыздан бастап сатылымға шығатынын хабарлады.

Cirque du Soleil-дің әлемге әйгілі OVO атты шоуы екі қалаға жоспарланған. Астанада
4-7 маусым аралығында «Барыс Аренада»
болса, Алматыда 11-14 маусым аралығында
«Алматы Аренада»
өтеді.

Бұл – Cirque du Soleil-дің ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін Орталық Азияға алғашқы
сапары. Канадалық цирк 2026 жылы OVO шоуымен әлемдік турнеге шығады және
Қазақстан осы үлкен саяхаттың бір тармағына айналмақ. Әр қалада көрерменді жеті
шоу күтеді: төрт кешкі, екі күндізгі және демалыс күндері өтетін таңғы қойылым.

Эксклюзивті алдын ала сатылым 14 наурыз сағат 12:00-де басталып, тек Freedom
SuperApp қолданушылары үшін үш күнге (16 наурызды қоса алғанда) созылады. Ал 17
наурыздан бастап ticketon.kz сайтында жалпы сатылым басталады.

Бір қолға алты билеттен артық сатылмайды

Билет бағасы 25 000 теңгеден басталады. Баға санаты мен зал схемасын Freedom
Ticketon сервисінің Instagram парақшасынан көруге болады. Билет санына шектеу
қойылған – бір адамға 6 билеттен артық сатылмайды.

«Отбасымен баруды жоспарлап отырған көрерменге ұйымдастырушылар арнайы
ұсыныс қарастырған – 4 билеттен артық сатып алған жағдайда FAMILY промокоды
арқылы 10% жеңілдік беріледі. 4 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге кіру тегін, бірақ
қасында үлкендер болу керек және жеке орын берілмейді»
, –  делінген Freedom Ticketon хабарламасында. 

Freedom SuperApp арқылы сатып алған кезде қосымша мәліметтер талап етілмейді.
Билет төлем жасалғаннан кейін электронды поштаға жіберіледі.

OVO қойылымы туралы

OVO (португал тілінен аударғанда «жұмыртқа») – бұл жәндіктердің экожүйесіне саяхат. 2026 жылы әлемдік турнеге шығатын шоудың жаңа нұсқасында күрделі акробатика, ерекше костюмдер мен жанды музыканы тыңдауға болады. Cirque du Soleil 1984 жылы Канадада құрылып, уақыт өте келе әлемдегі ең танымал цирк брендтерінің біріне айналды.