Жаңалықтар

Ұлттық каталогта тіркелген тауар саны 20 миллионға дейін өсті

Фото: shutterstock

Елімізде Ұлттық тауарлар каталогы 400 мыңнан 20 миллионға дейін тауар позициясымен кеңейтілді. Бұл жүйе сауда операцияларының ашықтығын арттыру мақсатында енгізіліп жатыр. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұлттық тауарлар каталогы негізгі мемлекеттік және коммерциялық цифрлық жүйелермен біріктірілген. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу жүйелерімен (БСАПжәне «Самұрық-Қазына»), мемлекеттік жоспарлаумен, электронды шот-фактуралармен, Wildberries, Ozon, Flip.kz, O-Market маркетплейстерімен, 1С тауарлық есеп жүйесі, Anvar, Small, Magnum сауда желілері, сондай-ақ фискалдычектерді қалыптастыратын фискалды деректер операторларымен өзара іс-қимыл қамтамасыз етілді. Мұндай интеграция барлық кезеңде бірыңғай цифрлытауар идентификаторын пайдалануға мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.

Ведомство сонымен қатар деректер сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Енді бірінші кезеңде каталог бос және ақпараты жоқ тауар карталарынан (қайта іске қосу мүмкіндігін тежеп) тазартылды. Келесі кезеңдерде тауардың негізгі (эталонды) картасына сілтемені көрсете отырып, көшірме карталар (мәліметтері қайталанған) өшірілді. Бұл жүйедегі деректердің тұтастығы мен үйлесімділігін сақтауға мүмкіндік берді.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, Ұлттық тауарлар каталогы қазір тәжірибелік пайдалану режимінде жұмыс істеп тұр, ал оның қызметі заңнамалық тұрғыда бекітілген.