
Ел бойынша Конституцияны өзгертуге қатысты референдумда дауыс беру учаскелері жабылды. Референдум учаскелері таңғы 07:00-ден бастап жұмыс істеді.
Осылайша 20:00-де учаскелер жабылып, дауыстарды санау басталды.
Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 845 280 азаматы дауыс беру бюллетенін алған. Орталық референдум комиссиясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, тізімге енгізілген азаматтардың 70,98 пайызы дауыс берген.
Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде жүрген 9 050 қазақстандық референдумда дауыс берген.
Сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 64 учаске жұмысын аяқтайды. Соңғы болып АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскесі 16 наурызда Астана уақытымен сағат 08:00-де жабылады.
Референдумның қорытындысын Орталық референдум комиссиясы арнайы отырыста шығарады. Одан кейін нәтижелер хаттама түрінде рәсімделіп, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланады.
Заң бойынша қорытындысы дауыс беру өткен күннен кейін 7 күннен кешіктірілмей, яғни 2026 жылдың 21 наурызына дейін жариялануға тиіс.