Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді (видео)
Жарияланды

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді.
Назарбаев елордадағы №228 референдум учаскесіне келді. Ол алыстан қол бұлғап, тілшілер тұрған жаққа қарай жақындамады.
Айта кетейік, Қазақстанда Конституцияны өзгертуге қатысты референдум өтіп жатыр.