Парапланшы Искендер Джунусов референдумда ерекше әдіспен дауыс берді

Жарияланды

15 наурыз — Бүгін республикалық референдум барысында ерекше акция өтті. Кәсіби парапланшы Джунусов Искендер Толкынович сайлау учаскесіне көктен қалықтап ұшып келіп, өз таңдауын жасады. Бұл ерекше қадам – ел болашағына деген биік мақсаттар мен азаматтық белсенділіктің жаңа символына айналды. Искендер Толкынович көк аспанда Қазақстан Республикасының Көк байрағын желбіретіп, жұртшылықты саяси науқанға белсене қатысуға шақырды. «Менің кәсібім мен хоббиім әрқашан биіктікпен байланысты. Бүгінгі референдум да еліміздің жаңа биіктерді бағындыруына жол ашатын маңызды қадам деп есептеймін. Сайлау учаскесіне әуе жолымен келу арқылы мен әрбір қазақстандықтың таңдауы елдің болашақ бағытын анықтайтынын көрсеткім келді. Біздің болашағымыз — ашық аспан сияқты кең әрі жарық болуы тиіс», — деді Искендер Толкынович.

Сондай-ақ оқыңыз