
Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин референдумда дауыс беріп, бүгін маңызды күн екенін, себебі жарты жылдық дискуссияға нүкте қойып, нәтижесі бүгін шығатынын мәлім етті.
Премьер-министр Олжас Бектенов елордадағы Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінде орналасқан №130 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Таңертеңнен дауыс бергендердің ішінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та бар. Ол журналистердің сұрақтарына қысқаша жауап беріп, өз таңдауын жасағанын айтты.
Астанадағы референдум учаскелеріне кабмин мүшелері мен депутаттар да келіп дауыс беріп жатыр.
Айта кетейік, бүгін, 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау мәселесіне арналған республикалық референдум басталды. Елдің барлық өңірінде, сондай-ақ шетелдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінде дауыс беру учаскелері ашылды. Қазақстандықтар конституциялық реформаны қолдай ма, әлде қолдамай ма деген сұраққа жауап береді.