Референдумға 9 миллионнан астам азамат қатысты – ОРК

Орталық референдум комиссиясы елдегі референдум учаскелері жабылғанын мәлімдеді. Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша республиканың 9 126 850 азаматы референдум бюллетенін алған.
Өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:
- Абай облысы – 75,45%
- Ақмола облысы – 79,82%
- Ақтөбе облысы – 87,05%
- Алматы облысы – 71,46%
- Атырау облысы – 74,04%
- Батыс Қазақстан облысы – 68,94%
- Жамбыл облысы – 85,06%
- Жетісу облысы – 78,49%
- Қарағанды облысы – 84,30%
- Қостанай облысы – 81,21%
- Қызылорда облысы – 93,04%
- Маңғыстау облысы – 77,89%
- Павлодар облысы – 75,51%
- Солтүстік Қазақстан облысы – 70,52%
- Түркістан облысы – 84,03%
- Ұлытау облысы – 73,15%
- Шығыс Қазақстан облысы – 86,42%
- Астана қаласы – 60,36%
- Алматы қаласы – 33,42%
- Шымкент қаласы – 75,82%.
Осылайша сағат 20:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 пайызы дауыс берген.
Референдумның алдын ала қорытындысы жарияланатын уақыт қосымша хабарланады.
Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде жүрген 9 050 қазақстандық референдумда дауыс берген.
Сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 64 учаске жұмысын аяқтайды. Соңғы болып АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскесі 16 наурызда Астана уақытымен сағат 08:00-де жабылады.
Референдумның қорытындысын Орталық референдум комиссиясы арнайы отырыста шығарады. Одан кейін нәтижелер хаттама түрінде рәсімделіп, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланады.
Заң бойынша қорытындысы дауыс беру өткен күннен кейін 7 күннен кешіктірілмей, яғни 2026 жылдың 21 наурызына дейін жариялануға тиіс.