
Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова референдумға түскі 12.00-де дейін халықтың қатысу көрсеткішін жариялады.
Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың дауыс беруге келу көрсеткіші мынадай:
Абай облысы – 41,93 %
Ақмола облысы – 44,66 %
Ақтөбе облысы – 45,73 %
Алматы облысы – 40,41 %
Атырау облысы – 42,29 %
Батыс Қазақстан облысы – 36,59 %
Жамбыл облысы – 35,86 %
Жетісу облысы – 43,32 %
Қарағанды облысы – 42,95 %
Қостанай облысы – 37,10 %
Қызылорда облысы – 43,18 %
Маңғыстау облысы – 34,57 %
Павлодар облысы – 36,57 %
Солтүстік Қазақстан облысы – 41,64 %
Түркістан облысы – 44,13 %
Ұлытау облысы – 36,59 %
Шығыс Қазақстан облысы – 42,88 %
Астана қаласы – 31,23 %
Алматы қаласы – 14,85 %
Шымкент қаласы – 42,59 %.
Жалпы, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша республиканың 4 677 595 азаматы бюллетень алған. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,54 пайызын құраған.
Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 106 учаскеде дауыс беру аяқталды.
Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 14.00-де беріледі.
Kursiv Media референдумнан мәтіндік трансляция жүргізіп отыр, саяси науқан қалай өтіп жатқанын мына жерден көре аласыздар.