Жаңалықтар

Референдумға алғаш болып келгендерге қандай сыйлық берілді

фото: Kursiv Media

Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды. Алматы мен Астанада дауыс беру учаскесіне ең бірінші келген түрғындарға арнайы сыйлық табысталды.

Астана әкімдігінің мәліметінше, таңғы жетіде бірінші болып келген азаматқа ыдыс-аяқ жиынтығын сыйлаған.

Ал Алматыда алғаш келген тұрғындарға дауыс зорайтқыштар берілді.

Референдумда дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады.

Елден бұрын ең бірінші дауыс бергендер қатарында Головкин де бар.