Рыбакина – Соболенко: Индиан-Уэллс финалының тікелей трансляциясы

Жарияланды 15 Наурыз 2026 22:23

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Финал сағат 23:00-де басталады/коллаж kursiv.media

15 наурызда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы, беларусь спортшысы Арина Соболенкомен кездеседі.

Қайдан көруге болады

Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 23:00-де басталады. Тікелей трансляцияны сілтеме арқылы, сондай-ақ Setanta Sports арнасында және Кинопоиск платформасынан көруге болады.

Финалға дейінгі жол

Финалға дейін Рыбакина бірнеше мықты қарсыласты сенімді түрде жеңді. Қазақстандық теннисші Хейли Баптист (АҚШ, 43-орын), Марта Костюк (Украина, 28-орын), Сонай Картал (Ұлыбритания, 54-орын), сонымен қатар Джессика Пегула (АҚШ, 5-орын) мен Элина Свитолинаны (Украина, 9-орын) қапы қалдырды.

Соболенко да финалға дейін жоғары деңгейде ойын көрсетті. Әлемнің бірінші ракеткасы Химэно Сакацумэ (Жапония, 136-орын), Жаклин Кристиан (Румыния, 35-орын), Наоми Осака (Жапония, 16-орын), Виктория Мбоко (Канада, 10-орын) және Линда Носкованы (Чехия, 14-орын) жеңді.

Жүлде қоры

Индиан-Уэллс турнирінің биылғы жалпы сыйақы қоры 9 415 725 долларды құрайды. Финал жеңімпазы 1 511 380 доллар сыйақы мен 1000 WTA рейтингтік ұпайын иеленеді.

Рыбакина – Соболенко кездесулері

Елена Рыбакина мен Арина Соболенко бұған дейін де бірнеше финалда кездескен. Екі теннисші 2023 жылы және 2026 жылы Australian Open туринирінің финалында кездесті. 2023 жылы Соболенко жеңіске жетсе, биыл қазақстандық спортшы топ жарды. Осылайша Рыбакина мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» титулын алды.

2025 жылдың қарашасында Елена Рыбакина Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турнирінің финалында Арина Соболенконы жеңіп, чемпион атанды. Қорытынды есеп – 2:0 (6:3, 7:6). Содан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рыбакинаны құттықтап, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Айта кетейік, Индиан-Уэллс турнирінің жартылай финалына шыққанының арқасында Рыбакина WTA рейтингінде 2-орынға көтерілді. Бұл мәртебе ресми түрде келесі аптадан бастап бекітіледі.

Сондай-ақ оқыңыз