Шетелде жүрген 9 мыңнан аса қазақстандық референдумда дауыс берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шетелдерде 71 референдум учаскесі жұмыс істейді/фото: kursiv.media

Шетелде ашылған 14 дауыс беру учаскесі жұмысын аяқтады. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

«Шетелдегі референдум учаскелерінде дауыс беру Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-ден бері жүргізіліп келеді. Уақыт айырмашылығына байланысты сағат 19:00-ге дейін шетелдегі барлық учаскелер ашылып, оның 14-і жабылып үлгерді», – деп хабарлады комиссия.

Қазірге дейін шетелдегі 9 050 адам референдумда дауыс берген.

«Сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 64 учаске өз жұмысын аяқтайды. АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскесі ең соңғы болып 16 наурызда Астана уақытымен сағат 08:00-де шетелдегі сайлау үдерісін тәмамдайды», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, референдумда 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыз