Жаңалықтар

Шетелдегі учаскелер: 30-дан астам елде дауыс беру жүріп жатыр

Фото: ҚР СІМ

Бүгін Қазақстанның жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс беруге арналған шетелдегі учаскелер де жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, референдум учаскелері әлемнің 30-дан астам елінде ашылған.

«Жапония мен Оңтүстік Кореядан кейін Қытай, Сингапур, Моңғолия, Малайзия, Таиланд, Вьетнам мен Индонезияда учаскелер ашылды. Дауыс беру процесі Ресей, Үндістан, Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түрікменстанда да белсенді жүріп жатыр»,  – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Еуропа елдеріндегі референдум учаскелері де өз жұмысын бастайды.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан бойынша жаңа Ата заң жобасына дауыс беруге арналған референдум басталды. Ел бойынша 10 388 учаске ашылды. Kursiv Media референдум барысынан мәтіндік тікелей трансляция жүргізіп отырады.