Президент референдумда дауыс берді

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумға қатысып, дауыс берді. Бұл ақпаратты Ақорда таратты.

Мемлекет басшысы Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан №51 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.

Дауыс бергеннен кейін Президент отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Сондай-ақ ол бүгінгі күннің ел болашағы үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.

«Бүгін еліміздің тағдырын айқындайтын күн. Бұл – тарихи құжат. Жаңа Конституция азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді, еліміздің тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғайды», – деді президент.

Президенттің айтуынша, 1995 жылы қабылданған Конституция елдің дамуына үлкен үлес қосты. Алайда уақыт талабына сай жаңа Ата заң қабылдау қажеттігі туындаған.

Тоқаев жаңа Конституцияның бірқатар нормаларын, соның ішінде преамбуласын жазуға өзі де қатысқанын айтты.

Айта кетейік, Kursiv Media референдумнан мәтіндік трансляция жүргізіп отыр, саяси науқан қалай өтіп жатқанын мына жерден көре аласыздар. 

Сондай-ақ оқыңыз