Жаңа ғана жуынып шыққандай: Астаналық тұрғын референдумға халатпен келді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото әлеуметтік желіден скрин

Астанадағы учаскелердің біріне ерекше киім үлгісіндегі тұрғын келді. Елордалық бойжеткен дауыс беру учаскесіне халат киіп келген.

Ол жаңа ғана жуынып шыққандай басына аппақ сүлгі орап, үстіне ақ халат киген. Тіпті жанында робот иті де бар.

Тұрғынның астаналық мектептердің біріне келіп, спорт залдың қақ ортасындағы урнаға ақ халатпен барып дауыс берген видеосы таралып кетті. Әзірге, оның неге бұлай келгені белгісіз.

Референдум таңғы 07:00-ден басталды. Алматы мен Астанада алғаш болып келгендерге арнайы сыйлық берілді.

Бірінші болып дауыс берген шенеуніктер арасында Ерлан Қарин, Ерлан Қошанов пен Олжас Бектенов те бар.

Сондай-ақ оқыңыз