
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді.
Ол Әл‑Фараби атындағы Оқушылар сарайы ғимаратында орналасқан №51 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Бүгін таңертең Оқушылар сарайы ғимаратында орналасқан өз сайлау учаскемде дауыс бердім. Қала бойынша барлығы 501 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Бүгін сайлау учаскелерінде еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысымды білдіремін», – деп жазды елорда әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жеңіс Қасымбек елорда тұрғындарының ыңғайлылығы үшін арнайы іздеу қызметі іске қосылғанын атап өтті. Оның көмегімен әр азамат өз сайлау учаскесі мен мекенжайын біле алады. Яғни, referendum.astana.kz ресми веб-сервисі, referendum_astana_bot telegram-боты, 109 нөмірі арқылы iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс жасап тұр.
Бүгін таңертең, Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Премьер-министр Олжас Бектенов, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.