Әдеттегіден жылы: Сәуір айында Қазақстанда ауа райы қандай болады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
ауа райы
Әдеттегіден жылы: Сәуір айында Қазақстанда ауа райы қандай болады / Фото: Делия Айдаралиева, бильд-редактор: Дастан Шанай

Синоптиктер Қазақстандағы сәуір айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, аймақтардың басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық нормадан шамамен 1°C-қа жоғары болады.

Нормаға жақын температура Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстік-шығысында, сондай-ақ еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда күтіледі.

«Сәуір айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында болады деп болжануда. Нормадан көп жауын-шашын – Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе облысының батыс бөлігінде, Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысының қиыр оңтүстік-шығысында күтіледі», — делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамы бойынша, айлық орташа температура келесідей болады:

  • Елдің солтүстігінде: +5…+10°C;
  • Батысы мен оңтүстігінде: +11…+16°C;
  • Қазақстанның қиыр шығысында: 0…+4°C.
Сондай-ақ оқыңыз