Жаңалықтар

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

фото: коллаж kursiv.media

Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы мен «Ғылыми тағылымдамалар» бойынша құжаттар қабылдау басталды. Өтінімдерді eGov.kz порталы арқылы беруге болады.

«Болашақ» бойынша 16 қазанға дейін, ал ғылыми тағылымдамалар бойынша 30 қазанға дейін құжат қабылданады.

2026 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша барлығы 635 стипендия бөлінді:

  • 20 – бакалавриат үшін;
  • 400 – магистратура үшін;
  • 50 – докторантура үшін;
  • 165 – тағылымдамалар үшін.

Бұдан бөлек, «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы аясында тағы 250 грант қарастырылған.

Биылғы басты жаңалықтар мен ерекшеліктер

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары үшін бөлек санат ашылды.  Атом өнеркәсібі үшін мамандарды мақсатты түрде даярлау қолға алынбақ. Сондай-ақ, «Жасанды интеллект» бағыты бойынша тағылымдамалар қосылды.

Мемлекет қандай шығындарды өтейді

  • Оқу ақысы;
  • Ұшу билеттері;
  • Медициналық сақтандыру;
  • Визалық алымдар;
  • Ай сайынғы шәкіртақы

Былтыр желтоқсандағы конкурс нәтижесі бойынша, 225 адам «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленген.