Жаңалықтар

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов елге оралады

Ербол Хамитов қашан келеді
Ербол Хамитов қашан келеді / Фото: ҰОК

Бүгін, 16 наурыз күні түнде, сағат 01:30-да Астана халықаралық әуежайында Паралимпиада чемпионын салтанатты түрде күтіп алу рәсімі өтеді. Ербол Хамитовты құттықтауға спорт сүйер қауым, туған-туыстары мен БАҚ өкілдері жиналмақ.

Италияда өткен 2026 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов тарихи жеңіске жетті. Биатлоннан 4,5 шақырымдық спринт-пасьют жарысында қарсыластарынан оза шауып, алтын медаль иеленген чемпион бүгін түнде Астанаға қонады.

Еске сала кетейік, бұған дейін чемпионды Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтаған еді. Сондай-ақ, кәсіпкер Нұрлан Смағұлов көлік сыйлайтынын айтқан еді.