Экзитпол: Жаңа Конституцияны халықтың 86,7%-ы қолдаған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Референдум 15 наурызда өтеді/фото: Серикжан Ковланбаев

Еуразиялық интеграция институты жүргізген exit poll нәтижесінде референдумда дауыс бергендердің 86,7%-ы жаңа Конституция жобасын қолдаған.

Институт Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Exit poll – референдум учаскілерінен шыға берісте азаматтар арасында сауалнама жүргізген. Сауалнама 200 референдум учаскесін қамтыған, оның ішінде 129-сі – қалаларда, 71 – ауылдық жерлерде орналасқан.

Дауыс беруге құқылы адамдардың 75,3%-ы референдумға қатысқан.

Учаскеден шыққан респонденттерге «Жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба?» деген сұраққа қандай жауап нұсқасын таңдадыңыз?» деген сұрақ қойылған.

«СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты өткізген exit-poll нәтижесінде дауыс бергендердің 87,4%-ы «Иә, қолдаймын» деген нұсқаны таңдаған.

«AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген exit-poll деректеріне сәйкес, жаңа Конституцияны 88,6% азамат қолдап дауыс берген. Мамандар 200 дауыс беру учаскесінен шыққан азаматтар арасында exit poll әдісі бойынша сауалнама жүргізген. Учаскелерге бару көрсеткіші – 73,8%.

Айта кетейік, 20:00-дегі жағдай бойынша республиканың 9 126 850 азаматы референдум бюллетенін алған.

Шетелдегі учаскелер

2026 жылдың 15 наурызы сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде жүрген 9 050 қазақстандық референдумда дауыс берген.

Сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 64 учаске жұмысын аяқтайтыны айтылды. Соңғы болып АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскесі 16 наурызда Астана уақытымен сағат 08:00-де жабылады. 

Референдум – 2026

Референдумда елдегі дауыс беру учаскелері сағат 07:00-де ашылып, 20:00-ге дейін жұмыс істеді.

Жалпы республикада 10 402 референдум учаскесі ашылды.

Оның ішінде:

9 779 учаске – азаматтардың тіркелген жері бойынша;

634 учаске – уақытша болатын орындарда;

71 учаске – Қазақстанның 54 елдегі шетелдік мекемелері жанында орналасқан.

Референдумға дауыс беруге құқылы азаматтар саны – 12 461 796.

Сондай-ақ оқыңыз