Енді Қазақстанның төрт облысында казино ашылады, Тоқаев заңға қол қойды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
казино
фото: ашық дереккөзден

Бүгін Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Оған сәйкес бірден еліміздің төрт өңірінде казинолар салынатын болады.

Президент қол қойған заң жобасы былтыр Парламентте талқыланған. 30 желтоқсанда Мәжілісі туристік қызметке қатысты түзетулер екінші оқылымда қабылданған еді. Оған сәйкес, елде казиноға рұқсат етілген аумақтар тізімі кеңейеді. Яғни казино көбірек салына бастайды.

Құмар ойындар орталығы Бурабай мен Қапшағайдан бөлек Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Панфилов ауданында Алакөл жағалауында, Жетісу облысында, Алматы облысының Талғар ауданында, Марқакөл өңірінде және Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында пайда болады.

Статистикаға сенсек, Қазақстан құмар ойын ойнайтын саны соңғы он жылда айтарлықтай өскен. Қазір бұл индустрияның айналымы 100 млрд теңге деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыз