Ернар Айдар жаңа әнін жариялады

Ернар Айдар «Қарамай» атты жаңа әнін Үoutube әлеуметтік желісінде жариялап, оқырмандарынан баға беруді сұрады.
Әншінің айтуынша, жанкүйерлері әннің шығуын тағатсыздана күткен.
«Бүгін сағат 15.00-де «Қарамай» атты жаңа әніміз шығады. Міне, сілтемесі. Тіркелгендер күтіңіздер, тіркелмегендеріңіз тіркеліп, әнді тыңдап бағасын бересіздер. Баршаңызға сәтті күн болсын!», – деді әнші.
Аз ғана уақыт ішінде жаңа ән көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Тыңдармандар хит деп баға берді.
«Керемет, Ернар мырза, жарайсыз, сізді тыңдай береміз. Мықты !!! Халқымның алғысына бөлене беріңіз», – деп жазды Қарлығаш атты тыңдарманның бірі.
Тіпті, Өзбекстанның Хорезм қаласынан сәлем жолдап, әннің сәтті шыққанын айтып жатқандар да бар.
Мұның алдында Ернар Айдар Рамазан айында өзін ренжіткен жандарды кешіргенін айтқан еді.