Қазақстандағы қытай компанияларының қатары бір жылда 3 мыңға артқан

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың қатары бір жылда 5 мыңға артқан. Соның басым бөлігі – қытай компаниялары. Қазақстандағы қытай компанияларының саны бір жылда үш мыңға көбейді.
2026 жылдың 1 наурызындағы статистикасы дерегі бойынша, Қазақстанда шетелдік қатысуы бар 64 945 заңды тұлға мен филиал тіркелген. Бұл 2025 жылғы 60 мыңнан 8 пайызға артық.
Кәсіпорындардың басым бөлігі, яғни 99%-ы – шағын бизнес субъектілері. Дегенмен, ірі кәсіпорындар санының 218-ге жетуі ел экономикасына келетін стратегиялық инвестициялардың сапалық деңгейін білдіреді.
Қытай компанияларының қатары артты
Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялар арасында ресейліктер көш бастап тұр. 2026 жылы 1 наурызда ресейлік компаниялар саны 22 774-ті құрады. Десе де, 2025 жылдың наурызымен салыстырғанда ресейлік компаниялардың қатары сирегені байқалады. Былтыр олардың қатары 23 мыңнан асқан болатын.
Өзбек елінен келген компаниялар саны 8 744 құрады. Көршілес елдің бизнесі бір жыл ішінде шамамен 15%-дық өсім көрсетіп, екінші орынға нық жайғасты.
Үшінші орында Қытай келеді. Қазақстанда жұмыс істеп тұрған қытай кәсіпорындарының қатары 8 557-ге жетті. 2025 жылы Қазастандағы қытай компанияларыны қатары 5496 болатын. Бір жылдағы өсім 55 пайыздан асқан. Әсіресе өндіріс пен логистика саласындағы жаңа компаниялардың қосылғаны байқалады.
Елімізде түркиялық 5 032 компания тіркелген. Түрік капиталы бар кәсіпорындар саны бір жылда аса өзгермеген.
Көрші Қырғызстаннан келген 2 786 заңды тұлға жұмыс істейді. 2025 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда қырғыз компанияларының қатары сирегені байқалады. Былтыр наурызда 3116 компания болған.
Салыстырмалы талдау көрсеткендей, ең үлкен өсім бірлік есебімен алғанда Қытайға тиесілі Ал Батыс Еуропа елдері мен АҚШ (709 компания) компанияларының саны бойынша өсім баяу болғанымен, олардың ірі және орта кәсіпорындар сегментіндегі үлесі тұрақты сақталған.
Мәселен, Нидерланды (553 компания) ірі кәсіпорындар саны (42) бойынша көш бастап тұр, бұл олардың 2025 жылдан бері стратегиялық жобалардағы позициясын сақтап қалғанын көрсетеді.