
Қазақстанда 21-25 наурыз аралығында «Наурыз» ипотекасына өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды «Отбасы банкінің» баспасөз қызметі.
Бұл Наурыз мейрамын мерекелеуге байланысты.
«Өтінім беру процесінен сабырмен және асықпай өту үшін, жұмыс күндері алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Егер сіз алғаш рет өтінім беріп жатсаңыз, біздің парақшамызда қадамдық нұсқаулық жарияланған – ол өтінімді жылдам әрі қатесіз толтыруға көмектеседі», – деп атап өтті банктегілер.
«Наурыз» ипотекасы – бұл Қазақстандағы алғашқы жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған мемлекеттік бағдарлама. Биыл өтінімдер 10-31 наурыз аралығында жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін Baspana Market жылжымайтын мүлік порталында қабылданады.