«Қайрат» – «Ақтөбе» ойынының тікелей трансляциясы

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
коллаж: kursiv.media

Бүгін Алматыда Қазақстан Премьер-лигасының кезекті туры аясында «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары кездеседі.

«Қайрат» пен «Ақтөбе» жүлделі орындардан басты үміткерлер. Сондықтан бұл ойын турнир кестесіндегі жағдайға тікелей әсер етеді.

Ойынды қайдан көруге болады?

Матч Астана уақытымен 19:00-де басталады. Трансляцияны келесі платформалардан тамашалай аласыз:

Сондай-ақ бүгін «Тобыл» мен «Жетісу» арасындағы кездесуді де Qazsport арнасы сағат 15:00 де көрсетеді.

Бірінші турда «Қайрат» Өскеменнің «Алтайын» 1:0 есебімен тізе бүктірді. Ойынның 64-минутында португалиялық жартылай қорғаушы Жоржиньо жеңіс голын соғып, командасын көшбасшылар қатарына шығарды.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Ақтөбе» ойынына барлық билеттер бір тәулік ішінде сатылып кеткен. Сондай-ақ ойын алдында алматылық полиция күшейтілген режимге көшті.

Сондай-ақ оқыңыз