Жаңалықтар

Қанайдың анасы қайтыс болды

Нұрболат Қанай / фото: Instagram
Нұрболат Қанай / фото: Instagram

Әнші Нұрболат Қанайдың анасы қайтыс болды. Ол әлеуметтік желі арқылы оқырмандарымен суық хабарын бөлісті.

«Енді кімге еркелеймін» деп бір ауыз жазба қалдырды әнші.

«Аяулы ана, қимас бауыр, немересінің сүйікті әжесі, Ысық Құрман келіні, Қанаев Амандос зайыбы, руы Әлім Төртқара Еспусунова Гүлзада Жақсылыққызы өмірден озды», – деп жаназаға шақыру қағазын жария етті.

Жаназасы бүгін Атырау облысы Құлсары қаласында өтті.  

Бқған дейін блогер Жұлдыз Жауынбаева әлеуметтік желідегі парақшасына әнші Нұрболат Қанай екеуінің видеосын бөліскен еді.