Жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды

қысқы паралимпиада
фото: Mlanocortina26

Италияның Кортина-д’Ампеццо қаласындағы «Стадио олимпико дель гьяччо» стадионында XIV қысқы Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті.

Мерекелік шара итальян өнеріне және Милан мен Кортина аймақтарының сұлулығына арналды. Аренада музыка, жарық инсталляциялары мен артистердің қатысуымен ауқымды шоу көрсетілді. Музыка, би және визуалды әсерлер арқылы спорттық жетістіктер мен жарыс атмосферасы паш етілді.

Салтанатты шара барысында ұйымдастырушылар ойындарды қорытындылап, спортшыларға алғыс айтты. Кеште Паралимпиада алауының дәстүрлі түрде сөндірілуі болды, бұл Ойындардың ресми аяқталғанын білдіреді.

Келесі қысқы Паралимпиада 2030 жылы Француз Альпісінде өтеді. Ал 2028 жылғы жазғы Паралимпиада ойындары Лос-Анджелесте ұйымдастырылады.

Медальдық есептің қорытындысы:

  • 1-орын: Қытай (15 алтын, 13 күміс, 16 қола)
  • 2-орын: АҚШ (13 алтын, 5 күміс, 6 қола)
  • 3-орын: Ресей (8 алтын, 1 күміс, 3 қола)

Қазақстан құрамасы медальдық есепте 18-орынға тұрақтады. Команда қоржынындағы екі медальді де Ербол Хамитов иеленді.