
«СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты өткізген exit-poll нәтижесінде дауыс бергендердің 87,4%-ы «Иә, қолдаймын» деген нұсқаны таңдаған.
Бұған дейін Еуразиялық интеграция институты жүргізген exit poll нәтижесінде референдумда дауыс бергендердің 86,7%-ы жаңа Конституция жобасын қолдағаны айтылды.
Ал «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген exit-poll деректеріне сәйкес, жаңа Конституцияны 88,6% азамат қолдап дауыс берген.
Айта кетейік, 20:00-дегі жағдай бойынша республиканың 9 126 850 азаматы референдум бюллетенін алған.