Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты референдумның өткізілуімен құттықтады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты референдумның өткізілуімен құттықтады / Фото: Ақорда

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанда жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Телефон арқылы сөйлесу барысында Жапаров өткен дауыс берудің маңыздылығын атап өтіп, оның қорытындысы қазақстандықтардың елді саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бағытына деген кең қолдауын көрсететінін жеткізді.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесіне қолдау көрсеткені үшін, сондай-ақ референдум мониторингіне Қырғызстаннан келген бақылаушылардың қатысқаны үшін алғыс айтты.

Қазақстан Президенті конституциялық реформалар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

Сонымен қатар, мемлекет басшылары екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды нығайтуға дайын екендіктерін растады.

Бұған дейін референдумның сәтті өтуімен Тоқаевты Владимир ПутинШавкат Мирзиёев және ҚХР СІМ ресми өкілі Линь Цзянь де құттықтағаны туралы хабарлаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз