
Талғар қаласының бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы бүгінде такси жүргізушісі болып жүр. Кеше ғана мемлекеттік қызметте тізгін ұстаған шенеуніктің бүгін рульге отырып, жалға алынған көлікпен жолаушы тасымалдауы желіде қызу талқыға түсті.
«Үйде жатқан ұят болды»
Арыстанбек Әбілқайырұлы журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында бұл таңдауын қарапайым еңбекпен және отбасы алдындағы жауапкершілікпен түсіндіреді.
«Қазақ айтады ғой: „Есектің көтін жусаң да, ақша тап“ деп. Сол сияқты, күн-түн демей таксавать етіп жүрмін. Өз машинам да жоқ, арендаға алдым. Үйде жатқан ұят болды, бала-шағаны асырау керек. Осылайша, бұрынғы әкім қазір таксист болып жүр», – дейді экс-әкім ағынан жарылып.

Айта кетейік, Арыстанбек Әбілқайырұлы Талғар қаласының әкімі қызметін бір жыл екі ай атқарып, 2026 жылдың ақпан айында қызметінен кеткен еді.