
Шетелдегі сайлау учаскелер 16 наурыз таңғы сегізде ғана жұмысын енді аяқтады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Жалпы 54 елден 12740 Қазақстан азаматы дауыс берген. Бұл жалпы дауыс берушілердің 88,6%-ын құрайды. Ең соңғы болып АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскесі жабылды.
Учаскелер толық жабылып үлгермегеніне қарамастан түнде экзитпол нәтижелері жарияланды. Оған сәйкес, референдумда дауыс бергендердің 86,7%-ы жаңа Конституция жобасын қолдаған.
Ресми нәтиже шығып үлгерместен Тоқаев қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.