
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде атыс болды. Әлеуметтік желіде қарауыл бастығының қайтыс болғаны айтылды.
Содан кейін ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
«Жамбыл облысында әскерилендірілген күзеттің азаматтық қызметкерінің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін анықталады», – деп хабарлады әскери-тергеу департаменті.