
Блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова 274 млн теңге пайда тапты деп айыпталып отыр. Бұл туралы басты сот талқылауы басталмастан бұрын істегі мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев айтты.
«Қылмыстық іс бойынша сот сараптамасы жүргізілген. Соған сәйкес, (сотталушылардың – ред.) 274 млн теңге қылмыстық жолмен тапқаны анықталды.
Одан бөлек 60 млн теңгені депозитке салып, одан 560 мың теңге табыс пайда тапқан», – деді мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев.
Айта кетейік, Жанабыловтар қылмыстық кодекстің 214-бабы (заңсыз кәсіпкерлік) және 218-бабында (қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру) көрсетілген қылмыстық жасады деп айыпталып отыр.