Жаңалықтар

Мәдениет және ұлттық дәстүр күнінде Астанда қандай іс-шара өтеді

Фото: Астана әкімдігі

Қазақстанда «Наурызнама» мерекелік онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні ретінде атап өтіледі. Осыған орай елорда әкімдігі қалада қандай мәдени шаралар өтетінін мәлімдеді.

Қандай шаралар өтеді

Әкімдіктің мәлімдеуінше, бұл күні Астанада мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталған қойылымдар, көрмелер, түрлі көрсетілімдер мен өзге де іс-шаралар ұйымдастырылады.

Ұлттық академиялық кітапханада сағат 11:00-де «Ұлттық құндылық – ұлттық болмыс» атты кітап көрмесі ашылады. Көрмеде ұлттық дүниетаным, салт-дәстүр мен рухани мұраға арналған еңбектер ұсынылады. Көрме сөрелерінде «Салт-дәстүр сөйлейді», «Армысың, әз Наурыз», «Көктем», «Қош келдің, Наурыз», Б. Дүнгенбайдың «Жаңа дәстүр, жаңа салт», Б.Қасымханның «Дәстүр», Нұролла Ғазизованың «Көктем көңілі», сондай-ақ «Дәстүрлі атаулар», «Қазақтың бата-тілек» атты кітаптар қойылады.

Сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Мәдениет күні – шынайы дәстүр кеңістігі» атты мерекелік іс-шара өтеді.

16-17 наурыз күндері «Жастар» сарайының концерт залында «Наурыз. Жарық күші» атты театрландырылған музыкалық қойылым өтеді. Басталу уақыттары: 10:00, 12:00 және 14:00.

Бұл күні мемлекеттік және құрылымдық мекемелер арасында дәстүрлі «Армысың, әз Наурыз» байқауы өтеді.

Сағат 19:00-де Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры «Жас Абай» спектаклін ұсынады.

16 наурыз күні «Damu Mall» сауда-ойын-сауық орталығында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері дайындаған ұлттық қолөнер көрмесі ашылады.

16-22 наурыз аралығында елорданың тұрғын үй кешендерінің аулаларында МИБ-тер арасында «Ұлыстың ұлы күнінде…» байқауы өткізіледі.

Осы күні «Наурыз жылуы» акциясы аясында «Астана жастары» еріктілері коммуналдық қызмет мамандарына шай мен бауырсақ сыйлап, гүл шоқтарын табыстайды.

Айта кетейік, Наурыз мейрамын жаңа форматта тойлау аясында 16 наурыз елімізде «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» деп жарияланды.