Жаңалықтар

250 мың доллар мен 2 бөлмелі пәтер: Астанада Ербол Хамитовты қалай қарсы алды

коллаж: kursiv.media

Италия төрінде өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындарында көк байрағымызды желбіретіп, ел мерейін үстем еткен Ербол Хамитовты елорда жұртшылығы әуежайдан күтіп алды.

Салтанатты шара барысында чемпионға бағалы сыйлықтар мен қомақты ақшалай сыйақылар да табыс етілді.

Астанадан екі бөлмелі пәтер

Спортшының ерлігіне тәнті болған «GBG» құрылыс компаниясы Ербол Хамитовқа Астана қаласынан 2 бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады. Бұл бастамаға мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мұрындық болып, кәсіпкер Матулла Утешов қолдау көрсеткен.

Мемлекеттік қолдау

Спортшыға мемлекет тарапынан да үлкен қолдау көрсетілмек. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Паралимпиада жүлдегерлеріне төмендегідей ақшалай сыйлықтар беріледі:

Ербол Хамитовке Алтын жүлде үшін 250 мың доллар және қола медалі үшін 75 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін кәсіпкер Нұрлан Смағұлов Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовқа автокөлік сыйлайтынын айтқан еді.