Алматыда лифтіде дәрет сындырған курьер қамауға алынды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
полиция
Курьер бес тәулікке қамалды / Фото: Shutterstock

Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің лифтісінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған ер адамның видеосы тарады.

Кадрда ер адам лифт ішінде дәрет сындырғаны көрінеді. Желі қолданушылары әрекетті сынға алып, наразылық білдірген.

Полиция құқық бұзушыны ұстады. Оның курьер болып жұмыс істейтіні белгілі болды.

Іс әкімшілік құқық бұзушылық бойынша қаралып, сот шешімімен ер адам бес тәулікке қамауға алынды.

Құқық қорғау органдары қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды қатаң ұстану қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ оқыңыз