
Ақтөбе облысындағы тас жолда адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.
Апат Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылының маңында болған. Онда «ВАЗ» және «DAF» автокөліктері соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Бір жолаушы түрлі жарақаттармен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жатқызылды», – деп хабарлады полиция.
Әлеуметтік желіде апат болған жерден фотосуреттер пайда болды.
Апат фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.