Жаңалықтар

Астанада Наурыз мейрамына орай отбасылық үлкен сайыс өткізіледі

Сайыс 20 наурыз күні өтеді /Фото: kursiv.media мұрағаты

20 наурызда Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Наурызнама онкүндігі аясында отбасылық «Ұлы Дала ойындары» фестивалі ұйымдастырылады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, эстафета үш кезеңнен тұрады. Әр командада әке, ана және 8 – 10 жас аралығындағы баласы бар отбасылар қатыса алады. Командалар онлайн тіркеледі. Өтінімдер 20 наурызға дейін 8 775 778 97 25 телефоны арқылы қабылданады. Жарыс сағат 10:00-де басталады.

Фестивальдің ерекшелігі – ойындардың жасанды интеллект арқылы ұйымдастырылуы. Бұл шараға жаңа технологиялық элементтерді енгізуге мүмкіндік бермек. Қатысу тегін. Ал барлық жеңімпаз бен жүлдегер бағалы сыйлықтарға ие болады.

Сайыс қалай өткізіледі

Фестиваль барысында жасанды интеллект элементтері қолданылған 3 кезеңнен тұратын жарыс өткізіледі. Әр команда үш адамнан (әке, ана және бала) құралған болуы керек. Жалпы қатысушылар саны шектелген: барлығы 12 команда, яғни 180 адам қатыса алады.

Эстафета

Эстафета құрылымы мынадай. I кезең – ұлттық спорт түрлері бойынша отбасылық эстафета. Әр команда мүшелері жеке эстафеталардан өтеді

Әкелер эстафетасы:

  • Садақ ату – нысанаға 90 ұпай жинау
  • Қошқар көтеру – 5 рет
  • Нарқұдық – таңдалған салмақты көтеру
  • Ләңгі тебу
  • «Сыйлық сандығы» – кілтті тауып, қаппен бірге мәреге жету

Аналар эстафетасы:

  • Шалқұймақ эстафетасы – басындағы тостағанмен қашықтықты өту
  • Лабиринт – темір шарикті лабиринт арқылы өткізу
  • Хан арқан – сақиналарды тіректерге дәл лақтыру
  • Бес асық – дәстүрлі асық ойын
  • Үлкен қасық асық – асықтарды үлкен қасықпен жинау

Балалар эстафетасы:

  • Асық ату – шеңберден асықтарды ату
  • Арқан Board – арқан үстінде скейтбордпен жүру
  • Көкпар Kids – балаларға арналған көкпар ойыны
  • Асық табу – нөмір бойынша асықтарды жинау
  • Jump with қап – қаппен секіру жарысы

II кезең – интерактивті жарыстар
AI технологияларын қолданатын заманауи сынақтар.

III кезең – финал
Арқан тарту бойынша командалық сайыс.

Бұған дейін Наурыз мерекесіне орай әуе компаниялары қосымша 160 рейс орындайтыны хабарланды.