
Қазақстан ұлттық құрамасының наурыз айында өтетін FIFA Series халықаралық турниріне арналған ойыншылар тізімі белгілі болды. Құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов Астанада өтетін екі матчқа шақырылған футболшылардың нақты құрамын жариялады.
Жалпы тізімге 26 ойыншы енді. Бұл құрам алдағы жолдастық кездесулерде ел намысын қорғайтын негізгі футболшылардан жасақталған.
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»); Мұхаммеджан Сейсен («Астана»); Бекхан Шайзада («Ордабасы»).
Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов («Қайрат»); Нұралы Әліп («Зенит», Ресей); Ян Вороговский, Әлібек Қасым, Дінмұхамед Қараман ( «Астана»); Арсен Әшірбек, Рамазан Оразов («Елімай»); Жаслан Жұмашев, Мейрамбек Қалмырза («Тобыл»); Айбол Әбікен, Әділет Кеңесбек, Сағи Совет («Қайсар»); Ғалымжан Кенжебек («Ахмат», Ресей), Исламбек Қуат («Жеңіс»).
Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Қайрат»); Максим Самородов («Ахмат», Ресей); Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия); Иван Свиридов («Елімай»); Артур Шушеначев («Ақтөбе»); Нұрдәулет Ағзамбаев («Қайсар»).
Оқу-жаттығу жиыны Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турынан кейін елордада басталады. Дайындық барысында бапкерлер штабы ойыншылардың физикалық және тактикалық жағдайына ерекше көңіл бөлмек.
Айта кетейік, FIFA Series халықаралық турнирі аясында Қазақстан құрамасы екі матч өткізеді. Бұл кездесулер ұлттық құрама үшін маңызды сынақ болмақ және командаға алдағы ресми жарыстар алдында өз мүмкіндігін пысықтауға мүмкіндік береді.