Аулада пышақтап кеткен: Ақтөбеде кісі өлтірді деген күдікті ұсталды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
В Актюбинской области задержан подозреваемый в изнасиловании 14-летней девочки
Аулада пышақтап кеткен: Ақтөбеде кісі өлтірді деген күдікті ұсталды / Фото: Shutterstock

12 наурызда Ақтөбе қаласындағы аулалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды. Ақтөбе облыстық полиция департаменті кісі өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамдар бірге спирттік ішімдік ішу кезінде жанжалдасып қалған. Жанжал барысында күдікті жәбірленушіге бірнеше рет пышақ жарақатын салған, соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

2025 жылдың 25 желтоқсанында Атырау облысы полициясы іс-түссіз жоғалған бір отбасының 4 адамына іздеу жариялады. Кейінірек полиция олардан бөлек осы отбасының қызы мен күйеу баласы да жоғалғанын мәлімдеді. Кейіннен олардың денесі табылып, күйеу баласы өлтірді деген күдікке ілінді. Полиция оны Индонезияда ұстап, елге қайтарды.

Сондай-ақ оқыңыз