Lifestyle

«Дәмесі зор»: Мөлдір Әуелбекова бала күтушісін Балиге апармақ

фото: instagram

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі парақшасында бала күтушісімен қарым-қатынасы туралы айтып, оқырмандарын таңғалдырды. Өнер иесі көп жылдан бері бірге келе жатқан көмекшісінің кезекті саяхатқа қатысты тілегін жариялады.

«Саяхатшы няня»: 4 жылда 8 қала

Әншінің айтуынша, өзінің бала күтушісі соңғы 4 жыл ішінде отбасымен бірге әлемнің ең көрікті жерлерін аралап үлгерген. Мөлдір Әуелбекова көмекшісін өзімен бірге Анталья (Түркия), Маскат (Оман), Доха (Қатар), Дубай (БАӘ), Ыстанбұл және Белек (Түркия), Абу-Даби (БАӘ) қалаларына апарғанын тізіп берді.

«Нянямның тәбеті зор. Бүгін сәл шыдасаң демаламыз десем, Балиге апарыңыз дейді. Енді Бали дейді. Бұйырсын!», – деп жазды әнші.

Мөлдір Әуелбекова өзінің бұл әрекетін жақсылықтың жұғысты болуымен түсіндіреді.

«Жұмысына сай жалақысын төлеп, бізбен қатарлы қыдыртып, еркелететін әдетім сіздерге жұғысты болсын!» – деп ақ тілегін білдірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуін кешіргені туралы жазған едік.