Иран әлем чемпионаты бойынша FIFA-мен келіссөздер жүргізіп жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: ЖИ

Иран футбол федерациясы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысты матчтарын АҚШ-та емес, Мексикада өткізу бойынша FIFA ұйымымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Қауіпсіздік басты себеп

Иран тарапы мұндай қадамға Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты барып отыр. Федерация басшысы Мехди Тадж АҚШ-та ойын өткізу қауіпсіздігіне күмән бар екенін ашық айтты. Оның сөзінше, Дональд Трамп Иран құрамасының қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын мәлімдеген.

Осыған байланысты Иран құрамасы АҚШ аумағында ойнаудан бас тартуы мүмкін. Қазір негізгі нұсқа матчтарды Мексикада өткізу.

ӘЧ-2026 форматы

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты маусым-шілде айларында АҚШ, Мексика, Канада елдерінде өтеді.

Иранның тобы

Азиялық іріктеуден сәтті өткен Иран құрамасы G тобына түсті. Қарсыластары: Бельгия, Египет, Жаңа Зеландия

Алғашқы екі ойынды Иран құрамасы Лос-Анджелес қаласында, ал үшінші матчты Сиэтл қаласында өткізуі тиіс болған.

Егер Иран құрамасы турнирге қатысудан толық бас тартса, FIFA олардың орнына басқа команданы шақыруы мүмкін. Негізгі үміткерлер қатарында: Ирак пен Біріккен Араб Әмірліктері.

Сондай-ақ оқыңыз