
Израиль әуе шабуылы салдарынан Иранның Жоғары Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани қайтыс болды. Бұл туралы Қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді.
ВВС жазуынша, Иран қауіпсіздік қызметінің басшысын ұзақ уақыт бойы Израиль әскерлері аңдып келген. 16 наурызда, түнде, Тель-Авив армиясы Лариджани отырған кешенге шабуыл жасаған.
Бірақ көсемдерінің бірінің өлімі туралы жаңалықты Иран билігі растаған жоқ. ВВС дереккөздерінің сөзінше, Лариджанидің әуе шабуылының салдарынан өлгені немесе тек жарақат алғаны да белгісіз.
Әли Лариджани – Иранның ең ықпалды саясаткерлерінің бірі деп саналады, аятолланың ең жақын адамдарының бірі болды. Хаменеи өлгеннен кейін Иранды басқаратын уақытша кеңес құрамына енді.
АҚШ пен Израиль бірлесіп, Иранға шабуыл бастағаннан кейін ол Америкадан кек алуға уәде берген еді. «Қарулы күштеріміздің қарымта әрекеті одан бетер қатаң болады» деп мәлімдеген.