Кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған шенеунік түрмеде қайтыс болды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
жедел жәрдем
Кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған шенеунік түрмеде қайтыс болды / Фото: Shutterstock

Оралда кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған шенеунік тергеу изоляторында қайтыс болды, деп жазады жергілікті «Уральская неделя» басылымы.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болуы мүмкін – бұған дейін де оның денсаулығы сыр берген болатын, деп хабарлады дереккөз. Оның айтуынша, бұл атқарушы жүйе үшін елеулі төтенше жағдай.

Шыңғырлау ауданы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы, 57 жастағы Әлібек Жүпіловті жерлеу рәсімі 19 наурызда өтеді.

Қаңтар айында оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы («Кәмелетке толмаған баланы зорлау») бойынша тергеу басталған болатын. Қылмыстық іс сотқа берілуге дайындалып жатқан еді.

Жәбірленуші – Ақсай қаласының 16 жастағы тұрғыны. Оның айтуынша, шенеунік әлеуметтік желіде өзін жас жігіт ретінде таныстырып, хат жазыса бастаған, кейін қызды қонаққа шақырған. Оған такси тапсырыс беріп, үйіне кіргізіп, күш көрсеткен.

Бойжеткеннің ата-анасы қыздарының айыпталушы шенеуніктің жалғыз құрбаны емес екенін мәлімдеді.

Шыңғырлау ауданы әкімдігі Жүпіловтің қаңтар айының соңында өз еркімен қызметінен кеткенін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз