
УЕФА Чемпиондар лигасы аясында 1/8 финалдың қарымта ойыны өтеді. 17 наурыздан 18 наурызға қараған түні Англияның «Манчестер Сити» клубы өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайды.
Кездесу Қазақстан уақыты бойынша түнгі 01:00-де басталады. Ойынның тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Алғашқы матч Мадрид қаласында өтіп, «Реалдың» айқын басымдығымен аяқталған еді – 3:0. Сол кездесудің басты кейіпкері Федерико Вальверде бірінші таймның өзінде хет-трик жасап, командасын сенімді жеңіске жеткізді.
«Реал» мен «Манчестер Сити» арасындағы текетірес соңғы жылдары плей-офф кезеңінің тұрақты қарсыластарына айналды. Қос клуб қатарынан бесінші маусым осы сатыда кездесіп отыр.
Бұл жұптың жеңімпазы ширек финалда Бавария – Аталанта матчындағы үздік командамен ойнайды.