
Қазақстан мен Италия 2026 жылдың соңына дейін Жаңаөзен қаласында қуаты 247 МВт болатын жаңа гибридті электр станциясының құрылысын толық аяқтауды жоспарлап отыр.
Италиялық «Eni» компаниясымен бірлесіп іске асырылып жатқан бұл жоба – еліміздің энергия жүйесін жаңартудағы маңызды қадамдардың бірі.
Станцияның басты ерекшелігі – күн, жел және газ қуатын бір жүйеге біріктіріп, энергияны тиімді әрі тұрақты өндіруге мүмкіндік береді.
Жобаның алғашқы кезеңі ретінде 2025 жылдың қыркүйегінде 80 мың панельден тұратын күн электр станциясы іске қосылған болатын.
Енді 2026 жылдың соңына дейін жел және газ генерацияларының құрылысы аяқталған соң, бұл нысан Маңғыстау облысындағы «Өзенмұнайгаз» және Қазақ газ өңдеу зауыты сияқты ірі өндіріс орындарын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етеді.
Биыл Қазақстанның қуат көздерінен қосымша 2,64 ГВт энергия өндіру жоспарланған. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар 2027 жылдың басында энергия тапшылығын біржола жойып, 2029 жылға қарай еліміздің энергия экспорттаушы мемлекеттер қатарына қосылуына жол ашпақ