Пәкістанның Ауғанстанға жасаған соққысынан 400 адам қайтыс болғаны хабарланды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Ауғанстан, шабуыл
Фото: Sami Jan / dpa / Global Look Press

Пәкістан Ауғанстанға соққы жасап, салдарынан 400-ден астам адам қаза тауып, 250-ден астамы жараланған. Әуе шабуылы Кабулдағы жергілікті емханалардың біріне түскен. Бұл жайлы Ауғанстан Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ал Пәкістан билігі болса, тек талибтердің әскери инфрақұрылымына шабуыл жасағанын айтады

16 наурызда, кешке, Roya News агенттігі Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс аясында Кабулда бірнеше жойқын жарылыс болғанын хабарлады. Ауғанстан астанасының үстінде әскери ұшақтар байқалып, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері іске қосылды.

Талибан үкіметінің өкілі Забиулла Муджахид Х желісінде Пәкістанды Кабулдағы нашақорларға арналған оңалту клиникасына шабуыл жасады деп айыптады. Ол бұл соққыны «қылмыс» және «адамгершілікке жат әрекет» деп атап, қаза тапқандар мен жараланғандардың бар екенін айтты.

«Біз бұл қылмысты ең қатал түрде айыптаймыз және оны барлық адамзаттық әрі моральдық стандарттарға қайшы келетін әрекет деп санаймыз», – деді ол.

Пәкістан кінәлі ме

Пәкістанның Ақпарат және хабар тарату министрлігі бұл мәлімедемені теріске шығарды. Ел билігінің хабарлауынша, әскери операция Кабул мен Нангархардағы ауған талибтерінің техникалық жабдықтар қоймалары мен оқ-дәрілеріне бағытталған.

Дүниежүзілік картаға үңілсек, қазір әлемнің елу шақты елінде ірі алты соғыс жүріп жатыр. Соның бірі Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс. Шиеленіс осы жылы ақпанда басталған.

Сондай-ақ оқыңыз